Енді діни сұрақтарға ЖИ негізінде жұмыс істейтін имам жауап береді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: ҚМДБ

Енді имамдардың кейбір міндетін жасанды интеллект атқарады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мамырдың басында ЖИ негізіндегі Imam AI-ды іске қосады.

ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерішісі Тимур Серікқанұлы Imam AI жобасының діни-ағартушылық бағытындағы мүмкіндігіне тоқталды.

«Аталған жоба заманауи технологияларды қолдану арқылы жамағатқа жедел әрі сапалы ақпарат ұсынуды, сұрақтарға жедел жауап беру жүйесін қалыптастыруды көздейді«, – деп түсіндірді ол.

Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының айтуынша, қосымша сенімді дереккөздерге сүйене отырып, діни сұрақтарға жедел жауап беруге және дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Мүфтият Imam AI жүйесін пилоттық негізде биыл мамыр айының басында іске қоспақ.

Сондай-ақ оқыңыз