Елден металл қалдықтарын экспорттауға алты айлық шектеу енгізілді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда металл сынықтары мен қалдықтарын сыртқа шығаруға салынған тыйым ұзартылды. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан көліктің барлық түрімен мына өнімдерді шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынады:

  • мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, сондай-ақ құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар өзге де қалдықтар;
  • қара металл қалдықтары мен сынықтары, қайта балқытуға арналған қара металл құймалары (шихталық құймалар);
  • пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол табаны мен жылжымалы құрам элементтері.

Бұйрық 2026 жылғы 1 мамырдан бастап өз күшіне енеді. Тыйым 2025 жылдың қазанында басталған еді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанға шетелден жұмыртқа кіргізуге тыйым салынды. Бұл шектеу де алты айға дейін күшінде болады.

Сондай-ақ оқыңыз