Кадрлық саясаттың жаңа келбеті қалай қалыптасып жатыр

Жарияланды
Фото: shutterstock

Кадр бөлімінің қызметтері бұйрық, жеке іс пен есеп-қисап сияқты қағаз жұмсытармен байланыстырылатын. Бүгінде бұл модель қарқынды түрде өткеннің еншісіне кетіп барады. Президент Іс Басқармасының (ПІБ) ведомстволық қарасты ұйымдарында басқа нәрсеге – адамдарды дамытуға, олардың әлеуеті мен жұмысқа тартылуына басымдық беріліп келеді. Мұнда ауқымды HR-трансформация жүргізіліп жатыр, оның негізгі қозғаушы күші «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ HR-орталығы болып отыр.

2024 жылдан бастап барлық ведомстволық қарасты ұйымдарда заманауи HR-құралдар жүйелі түрде енгізіліп келеді. Жаңа жүйе жаңа басқарушылық шындықты қалыптастырып жатыр, мұнда адам есеп бірлігі емес, басты ресурсқа айналады.

«МТАЖО» АҚ HR-орталығының басшысы Айнұр Камарова жағдай түбегейлі өзгеріп жатқанын айтады.

Фото: «МТАЖО» АҚ

«Біз кадр қызметін әкімшілік блок ретінде түсінуден алыстап жатырмыз. Бүгінгі таңда HR – стратегия, даму және нәтиже туралы. Біз енгізіп жатқан барлық өзгеріс дәл осыған бағытталған», – дейді ол.

Ведомстволық қарасты ұйымдардағы HR-трансформация бір реттік реформа емес, құзыреттердің бірыңғай моделін құруға, персоналды бағалауды енгізуге, қызметкерлердің лоялдылығын талдауға және корпоративтік мәдениетті диагностикалауға бағытталған жүйелі жұмыс. Іс жүзінде әңгіме тек жұмыс істеп қана қоймай, дами алатын «тірі жүйені» құру туралы болып отыр.

«Қызметкерді жай ғана бағалап қоймай, оның әлеуетін түсіну және өсу үшін құралдар беру маңызды. Біз даму қалыпты жағдайға айналатын ортаны қалыптастырып жатырмыз», – дейді Айнұр Камарова.

Сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық диагностика, жұмысқа тартылуды зерттеу, корпоративтік мәдениетпен жұмыс істеу сияқты «нәзік» құралдар да енгізілуде.

Трансформацияның негізгі идеясы – адамның басты назарға айналуында. Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында кез келген ұйымның тұрақтылығы мен тиімділігін дәл осы қызметкерлер айқындайды. Сондықтан HR-орталық бағалауға ғана емес, дамуға да баса назар аударады. Бұл ретте бірыңғай кадрлық резерв қалыптасып,, жеке өсу жоспарлары құрылып, оқыту тәсілдері қайта қаралып жатыр..

«Біз қызметкерлердің жүйе ішінде өздері үшін перспектива көргенін қалаймыз. Олар мұнда өсуге, дамуға және өзін-өзі жүзеге асыруға болатынын түсінуі тиіс», – деп атап өтті Айнұр Ерғалиқызы.

Тағы бір маңызды элемент – нәтижені басқару жүйесін (KPI) енгізу. Ол формальды бақылаудан әрбір қызметкердің қосқан үлесін түсінікті әрі ашық бағалауға көшуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге жұмыс беруші бренді қалыптасып келеді, бұл талантты кадрлар үшін күрестегі маңызды фактор.

«Бүгінде маманды жай ғана жұмысқа алу жеткіліксіз. Оның ұйыммен бірге қалғысы келетін және дамығысы келетін жағдайларды жасау маңызды», – дейді «МТАЖО» АҚ HR-орталығының басшысы.

Трансформация үдерісі әлі жүріп жатқанына қарамастан, оның нәтижесі қазірдің өзінде байқалады.

«Мамандардың жұмысқа тартылуы артып, кадрлық әлеует күшеюде, міндеттердің орындалу сапасы жақсарып жатыр. «HR-трансформация – ұзақ жол. Бірақ біз тиімді әрі бәсекеге қабілетті болғымыз келсе, бұл қажетті жол», – деп түйіндеді Айнұр Камарова.

Кадрлық іс жүргізуден HR-дамуға көшу – жай ғана терминологияның өзгеруі емес. Бұл ойлау жүйесінің өзгеруі. Есепке алудан – дамуға, бақылаудан – сенімге, процестерден – адамдарға көшу. Дәл осындай өзгерістер бүгінде кез келген заманауи ұйымның тұрақтылығы мен табысының басты факторына айналып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз