Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға үш ай жәрдемақы төленеді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Екатерина Смышляева депутаттарға жәрдемақы төленетіні айтты
Екатерина Смышляева депутаттарға жәрдемақы төленетіні айтты/ фото: kursiv.kz

Депутат Екатерина Смышляева мәслихат таратылған жағдайда тұрақты негізде жұмыс істеп келген депуттарға жәрдемақы төленетінін, сондай-ақ олардың іс-сапар шығыны өтелетінін айтты.

Смышляева 22 сәуірде өткен Мәжіліс отырысында «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері туралы» заң жобасының бірнеше бағыттарын атап өтті. Солардың бірі – мәслихаттардың рөлін күшейту туралы.

Соған сәйкес, депутаттар әкімнің халықпен кездесуінен кейін қабылданған жоспардың орындалуын бақылауға қатысады. Сондай-ақ, депутаттарға бюджетке түзету енгізуге бастамашылық жасау, бюджет комиссиясының жұмысына қатысу және басқа да мүмкіндіктер беріледі.

«Депутаттардың әлеуметтік кепілдіктері де күшейтіледі, атап айтқанда, іс-сапар шығындарын өтеу қарастырылған. Сондай-ақ, мәслихат таратылған жағдайда, тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға төлемдер беріледі», – деді депутат.

Бұл төлемдер депутат өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап, 3 ай мерзімге беріледі. Төлем тәртібі мәслихат регламентіне сәйкес реттеледі. 

Сол сияқты Мәжіліс пен Сенат депутаттары да Парламент таратылғаннан кейін, басқа жұмысқа орналасып үлгермесе, үш ай бойы толық жалақы алып отырады.

Айта кетейік, қазіргі Парламент депутаттарының жұмысы 2026 жылдың 1 шілдесінде аяқталып, бірінші қыркүйектен бастап Құрылтай жұмысын бастайтын болады.  

Сондай-ақ оқыңыз