Мұхтар Шаханов өз өсиеті бойынша Отырар топырағына жерленді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Kursiv.media

Қазақ әдебиетінің абызы, «Желтоқсан» шындығының жаршысы, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов мәңгілік сапарына аттанды. Ақынның соңғы аманаты орындалып, сүйегі туған жері – Отырар өңіріндегі қасиетті Арыстан баб кесенесінің маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді.

Ақынмен қоштасу рәсімі алдымен Алматы қаласында ұйымдастырылып, одан кейін қаралы көш Түркістан өңіріне бет алды. Жаназа рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, соның ішінде Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса мен Ринат Зайытов, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ақынның ұлт алдындағы еңбегін ерекше атап өтті.

Еске сала кетсек, қазақтың біртуар перзенті 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз