Экономика

Мұнай бағасы 100 доллардан асты

Мұнай бағасы қымбаттады/ фото: gemini generated

22 сәуір күні мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімге қатысты жаңа келіссөз өте ме жоқ па деген күмән күшейген тұста қымбаттай түсті. Астана уақытымен 13:33-те Brent маркалы эталонды мұнай бағасы 100,32 долларға жетті.

brent маркалы мұнай бағасы

Бұл жағдай сәрсенбі күні аяқталатын атысты тоқтату туралы келісім мерзіміне дейін екі тараптың бірқатар маңызды мәселе бойынша әлі де ортақ мәмілеге келе алмауынан туындап отыр. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің бейбіт келіссөз үшін Исламабадқа бармайтыны туралы хабар оң әсер етті.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы уақытша бітім режимін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Таяу Шығыстағы шиеленістің кезекті толқынына аз уақыт қалғанда жасалып отыр. Алайда дипломатиялық «тыныштыққа» қарамастан, әскери дайындық бәсеңдеген жоқ.