Қырғызстанда қоқыс бей-берекет тастағандар жауапқа тартылады
Жарияланды

Қырғызстан парламенті бірінші оқылымда Құқық бұзушылық туралы кодекске абаттандыру ережелерін бұзу, қалдықтармен жұмыс істеу және су шаруашылығы құрылыстарының сақталуы үшін жауапкершілік тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулерді қабылдады.
Құжатқа сәйкес, келесі бұзушылықтар үшін айыппұлдар мен ескертулерге балама ретінде құқық бұзушыларды қоғамдық жұмыстарға тартуды қарастыру ұсынылады:
- аумақты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін азаматтарды 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту;
- қоқысты белгіленбеген жерлерге тастау, жинау және өртеу үшін — 20 сағат қоғамдық жұмыстар;
- өндірістік, өнеркәсіптік қоқыстарды және медициналық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастау және жинау үшін — 20-дан 30 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар;
- қоқысты, жапырақтарды, қатты тұрмыстық, өндірістік, өнеркәсіптік қалдықтарды және басқа да заттарды өртегені үшін — 20-дан 30 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар;
Cу шаруашылығы құрылысын зақымдау, коллекторлық-дренаждық жүйені бұзу, сондай-ақ оларды пайдалану ережелерін қасақана немесе абайсызда бұзу үшін — 20-дан 40 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар.