Сотта тергеуші Жанабыловтың үстінен арыздана алатынын еске салды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Астанада Жанабыловтар соты өтіп жатыр/фото: kursiv.media

Астанада ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі өтіп жатыр. Іске блогерлерден тергеу барысында жауап алған Қаржы мониторингі агенттігінің тергеушісі Абзал Әлімханов куә ретінде шақырылды.

Бұған дейінгі сот отырысында сотталушылар тергеу тарабы өздеріне қысым жасағанын айтқан.

Сотта тергеуші Әлімханов мұның ойдан шығарылғанын айтып, қылмыстық кодекстің «жала жабу» бабы негізінде сотталушы Жанабыловтың үстінен арыздана алатынын еске салды.

«Сотта Жанабылов қысым көрсету фактісі туралы мәлімдеме жасады. Алайда тергеуде қысым жасалған емес. Бұл ойдан шығарылған уәж. Осыған байланысты қылмыстық істі жүргізген тұлғаға жала жабу (қылмыстық кодекстің 411-бабы) бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті органға жүгіну құқығымды өзімде қалдырамын», – деді куә Әлімханов.

Тергеуші кейіннен құзырлы органға жүгінбегенін, әлі арыз жазбағанын нақтылады.

Бұған дейін қылмыстық істегі прокурор Олжас Хайруллаев қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы жүргізілгенін, соған сәйкес блогерлердің 247 млн теңгені қылмыстық жолмен тапқаны анықталғанын айтты.

Сотта ерлі-зайыпты тағылған айыпты ішінара мойындады

Сондай-ақ оқыңыз