Тоқаев Каспийді қорғау үшін аймақта әскери қару қолданбауды ұсынды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
SMM бөлімінің редакторы
Каспий теңізі / фото: shutterstock
Каспий теңізі / фото: shutterstock

Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізін еліміздің басты мәселелерінің бірі деп санайды. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Экологиялық саммитте айтты.

Тоқаев теңізді қорғау үшін ол аймақта ешқандай әскери қару қолданылмау қажет дейді.

«Еліміз үшін тағы бір өзекті мәселе – Каспий теңізі. Оны қорғау экологиялық тепе-теңдікті, биоәртүрлілікті және өңірлік тұрақтылықты сақтау үшін аса қажет. Біз барлық халықаралық серіктестерді осы бірегей табиғи байлықты сақтап қалу жөніндегі күш-жігерімізді қолдауға шақырамыз. Сондықтан Каспий аймағында кез келген әскери қаруды қолдануға тыйым салынуы және жол берілмеуі тиіс», – деді ол.

Президент Халықаралық су ұйымын құруды ұсынғанын да еске салды.

«Өңірлік күш-жігермен қатар, жаһандық су ынтымақтастығы басты басымдық болып қала береді. Өткен жылдың желтоқсанында Ашхабадта мен БҰҰ агенттігі ретінде Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. Қазіргі уақытта БҰҰ мыңдаған мандаттарды қайта қарап жатқанын ескерсек, бұл бастама өте дер кезінде көтеріліп отыр. Бұл жаһандық басқарудың үйлесімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы саммит аясында аталған ұсыныс бойынша халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңі өтетінін қуанышпен атап өтемін», – деді Тоқаев

Ол сөзінде Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты құрылғанын да атап өтті. Былтыр ол ұйымға Үкімет резервінен 305 млн теңге бөлінген еді. Оған дейін Каспий теңізіндегі су деңгейінің көлемін зерттеу үшін 846 млн теңге аударылған.

Сондай-ақ оқыңыз