Тоқаев Орталық Азия президенттеріне EXPO көрмесін таныстырды

Бүгін Астанада Экологиялық саммит өтіп жатыр. Тоқаев Орталық Азия президенттерімен бірге RES 2026 EXPO жасыл және орнықты технологиялар халықаралық көрмесін аралап көрді.
Елордаға келген мәртебелі меймандарға Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның павильондары таныстырылды. Ол жерде жасыл энергетика мен табиғи ресурстарды басқару салаларындағы ұлттық басымдықтарға назар салған.

Көрмедегі экспозициялар қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық орнатуға, экологиялық мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін қарастыруға, Арал маңын қайта қалпына келтіруге үндейді.


Көрмеге әлемнің 30 елінен 240-тан астам қатысушы мен халықаралық серіктестер келген. 120-дан аса павильон бар, ол жерде даму саласындағы озық бастамалар таныстырылды. Сондай-ақ инновациялық жобалар мен жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Жасыл» стартаптардың байқауы ұйымдастырылды.

Бұған дейін президенттер Экологиялық саммиттегі жиынға қатысқан. Салтанаттты шарада сөз сөйлеген Тоқаев Каспий мәселесіне тоқталып, аймақтың қауіпсіздігі үшін әскери қару қолданбауды ұсынған еді.