Зорлап, денесін өртемек болған: Ақсу қаласында әйел адамның мәйіті табылды
Жарияланды

Павлодар облысы Ақсу қаласында аса қатыгездікпен өлтірілген әйел адамның мәйіті табылды. Күдіктілер әйелді зорлап, артынан денесін өртемек болған.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әйелдің мәйіті Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытынан үш шақырым жерден табылған.
Павлодар облысы полиция департаменті аталған фактіге қатысты түсініктеме берді.
«Әйелді өлтіру дерегі бойынша Ақсу қаласында қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Бұған дейін, 20 сәуірде Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас болып, жаңбыр кезінде арыққа құлап кеткен.