Air Astana 31 мамырға дейін Дубайға ұшпайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: shutterstock

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Дубай қаласына тұрақты рейстер 31 мамырға дейін орындалмайды. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Рейсі тоқтаған жолаушылар айыппұлсыз, әуе билетінің толық құнын қайтара алады. Немесе 31 шілдеге дейінгі басқа рейстерге тегін қайта бронь жасауына болады. Бірақ тариф айырмашылығы мен әуежай алымдарын төлеуі қажет.

Әуе компаниясының түсіндіруінше, шешім жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan жаздың соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз