Lifestyle

Алматыдағы театрға Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Фото: instagram

Алматы қаласында орналасқан Жаңа ғасыр театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі ресми түрде берілді.

Асанәлі Әшімов – қазақ сахнасы мен киносының алтын қорына енген бірегей тұлға. Оның сомдаған образдары мен театрдағы рөлдері бірнеше буын көрерменнің жүрегінен орын алды. Өнер иесінің шығармашылығы тек актерлік шеберлікпен шектелмей, ұлттық рухты дәріптеу, мәдени мұраны сақтау жолында да ерекше мәнге ие.

Театрға есім беру бастамасы өнер қайраткерінің бай шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттауды көздейді. Сонымен қатар бұл шешім жас әртістер үшін үлкен мотивация болып, ұлттық өнерге деген құрметті арттыра түседі.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті