Астанада орталық саябақ аумағында өрт шықты
Жарияланды

23 сәуірде Астана қаласында орталық саябақ аумағында өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлайды.
Құтқарушылар мәліметінше, саябақ аумағында жеке тұрған бір сауда павильоны толығымен өртеніп кетті. Сауда нүктесінің аумағы 20 шаршы метр.

ТЖМ жариялаған видеодан өртенген сауда нүктесінің темір қаңқасы ғана қалғанын көруге болады. От оның қасындағы павильондарға тарамады.
Өрт шыққан жерге жақын маңда аттракциондар тұр.
Құтқарушылар өрттен ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
Екі күн бұрын Павлодарда Ертіс арқылы өтетін бірегей көпір бір жылда екінші рет өртенген.