«Қазақмыс» Қытай мен Ресейден 90 автобус сатып алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақмыс сатып алған автобустар
Екі өңірдегі өндіріс орындары жаңа автобус алады / фото: Қазақмыс

«Қазақмыс» корпорациясы автопаркін жаңартқанын жариялады. Түсті металл өндіруші компания 90 автобусты Қытай мен Ресейден сатып алды.

Yutong маркалы 40 үлкен автобус және ПАЗ маркалы 50 шағын автобус жұмысшыларды тасу үшін қажет. Жаңа көліктер әбден ескірген автобустарды алмастырады.

Жаңа техника компанияның Ұлыбай, Қарағанды облыстарындағы өндіріс алаңдарына жеткізіледі.

Корпорация көлікті жаңалау бағдарламасы енді ғана басталғанын айтып отыр. Одан кейінгі кезеңде басқа да өңірлердегі көліктер жаңартылады.

«Қазақмыс» осы қадамды адам қауіпсіздігіне салынған инвестиция, еңбек жағдайын жақсарту деп сипаттады.

Сондай-ақ оқыңыз