«Қысым көрсеткен»: Өскеменде қайтыс болған сарбазға қатысты тергеу аяқталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
В армии Казахстана расследуют случай неуставных отношений после избиения солдата
Фото: Қорғаныс министрлігі

Өскеменде әскери міндетін өтеп жүріп қайтыс болған сарбазға қатысты тергеу аяқталды. Билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау фактілері бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды деп хабарлады Бас прокуратура.

«Өзіне оқ атқан»

Осы жылы қаңтарда Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қайтыс болды. Ресми дерек бойынша, ол қарауылда тұрғанда өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Алынған жарақаттан сол жерде көз жұмады.

Қаза тапқан әскери қызметші Қ.Оспанов 2025 жылы сәуірде мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Тергеу қорытындысы

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу басталып, үш ай өткеннен кейін, Бас әскери прокуратура тексеруді аяқтады.

Іс материалдарында жазылғандай, гарнизондағы лауазымды тұлғалар бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол берген. Қаза болған әскери қызметшіге және оның алты қызметтесіне психологиялық қысым көрсеткен. Ал взвод командирі қару-жарақты сақтау тәртібіне тиісті бақылау жүргізбей, қызметтік міндеттерін дұрыс орындамаған.

Тергеу қорытындысы бойынша бірқатар кадрлық шешімдер қабылданды. Әскери бөлім командирі және оның екі орынбасары лауазымдарынан босатылды, 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ары қарай билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау фактілері бойынша қылмыстық іс сотқа кетеді.

Сондай-ақ оқыңыз