Теміртауда үш баланы тоқ соғып, ауруханаға түсті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
аурухана бала науқас жансақтау
фото: shutterstock

Теміртауда үш баланы тоқ соғып, ауруханаға түсті. Полиция оқиға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Төтенше жағдай 22 сәуірде болған. Құрылыс алаңындағы қақпа үстінен ашық жатқан, еш оқшауланбаған кабель тартылған.

Маңайда ойнап жүрген балалар қақпадан өтіп, түсіп кеткен добын алмақ болады. Сол кезде бір баланы, артынша оған көмектеспек болған тағы екі баланы тоқ ұрады. Қазір олар ауруханаға түсті, дәрігерлер бақылауында.

Полиция «Салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Еске салайық, былтыр Жетісайда тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, 12 адам қайтыс болды. Сол кезде де қайғылы жағдайға электр тоғынан шығуы мүмкін деп айтылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз