Нани мен легионерлер реніші: Ақтөбедегі футбол алаңының сапасы сын көтермейді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: fcaktobe

«Ақтөбе» футбол клубының жұлдызды ойыншысы Луиш Нани жаттығу алаңының сапасына көңілі толмады. Бұл туралы инсайдер Елдар Аманбаев өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Инсайдердің мәліметінше, «Ақтөбе» футболшылары қалаға оралғаннан кейін «Нефтяник» стадионында жаттығу өткізуге мәжбүр. Алайда, Чемпиондар лигасының жеңімпазы, португалиялық шабуылшы алаңның жағдайына көңілі толмайтынын ашық білдірген.

«Португалиялық жұлдыз «Нефтяник» стадионындағы жаттығу алаңының сапасына наразы. Бұған дейін де клубтың басқа легионерлері алаңның нашарлығы туралы шағымданған болатын», – деп жазады журналист.

Еске сала кетейік, 39 жастағы Луиш Нани «Ақтөбе» сапына биыл қаңтар айында қосылды. Ағылшын Премьер-лигасының төрт дүркін чемпионы және Португалия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы ақтөбелік команда сапында жеті матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Жұлдызды легионердің қазақстандық клубпен жасасқан келісімшарты бір жылға есептелген.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» футбол клубы Астанада жаттығып, өз ойындарын Түркістан қаласында өткізген. Енді 25 сәуір күні өз алаңында алғаш рет ойнамақ.

Сондай-ақ оқыңыз