Lifestyle

Қайрат Нұртас украиналық әнші Лободамен бірге дуэт жазбақ

коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен ТМД-ға танымал әнші Светлана Лобода жанкүйерлерін таңғалдырды. Екі түрлі жанрда өнер көрсететін орындаушылар жақын арада бірлескен ән ұсынатынын мәлімдеді.

«Біз елестете де алмаған дуэт»

Лобода өзінің ресми парақшасында жариялаған жазбасында қазақ тілінде амандасып:

«Қазақстан, сәлем! Біз елестете де алмаған дуэт – жақын арада», – деп жазды.

Әншінің бұл қадамы желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Қайрат Нұртастың лирикалық-той бағыты мен Лободаның поп-дива стилі қалай үйлесетіні көпшілікке жұмбақ. Әзірге жаңа тректің қашан шығатыны белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін де украиналық әнші Лобода әлеуметтік желіде қазақ етін – дәмді тартатын жер іздейтінін жазып, көпшіліктен көмек сұраған еді.