
Әнші Светлана Лобода Threads желісіндегі талқылаудан кейін өзін бешбармаққа шақырған Алматы тұрғындарының үйіне барды.
Бұған дейін ол оқырмандарынан дәстүрлі тағамнан дәм татып, «қазақша вайб» сезінуге болатын жерді айтуды сұраған. Сол кезде желі қолданушылары ең дәмді бешбармақтың үйде жасалатынын айтып, оны жаппай қонаққа шақырған еді.
Жаңа жазбасында Лобода шақырғандардың бәріне бара алмағанын, бірақ таңын Дәурен мен Маликаның отбасында қонақта бастағанын айтты.
«Сәлем, Қазақ елі) Қалайсыңдар? Қазір бір қызық айтамын!», — деп жазды әртіс.
«Өткен жазбада сіздер ең дәмді беш (ет) мейрамханада емес, үйде болатынын айттыңыздар. Менің аккаунтым қонаққа шақырулардан жарылып кете жаздады 🥹», — деді Лобода.
«Бәріне кіріп шығуға үлгермейміз, бірақ таңды керемет жұп Дәурен мен Маликаның және олардың тәтті бүлдіршіні Дамирдің үйінде өткіздік. Дамир екеуміздің арамызда бір көргеннен махаббат басталды 🥰», — деп бөлісті ол.
«Міне, біз жылқы етінен жасалған дәмді үй бешбармағын жеп отырмыз!!)) Маған әсіресе қазы қатты ұнады 😋», — деп атап өтті әртіс.
«Достар, шақырғандарыңызға басымды иемін❤️ Киев торты үшін мың рахмет 🙌🙌🙌 🙌», — деп алғыс айтты Лобода.
Орындаушы Қазақстанға сапары туралы жанкүйерлерін алдағы уақытта да құлағдар етіп отыруға уәде берді. «Құшақтадым🫂», — деп аяқтады әртіс сөзін.
Бұған дейін Светлана Лободаның Алматыдағы концерті 25 сәуірге жоспарланғаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ, Светлана Лобода мен Қайрат Нұртастың бірлескен трек дайындап жатқаны туралы жазған едік. Бұл туралы олар Instagram желісінде қысқаша тизер жариялап, мәлімдеді.