Тимур Турлов өзіне не шабыт сыйлайтынын айтты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Тимур Турлов өзіне не шабыт сыйлайтынын айтты / Фото: Серікжан Қобыланбаев

Freedom Holding Corp. негізін қалаушы әрі басшысы Тимур Турлов өзінің жұмысқа деген ынтасы, цифрлық экожүйенің маңызы және Қазақстанның жаһандық нарықтағы әлеуеті туралы ой бөлісті. Кәсіпкердің айтуынша, оны алға жетелейтін екі негізгі фактор бар: жауапкершілік сезімі және елдің әл-ауқатын арттыратын бірегей экожүйе құру мүмкіндігі.

Технология – қоғамды өзгертуші күш

Турлов технологиялардың әлемді жылдам өзгертіп, процестерді ашық әрі әділ ететініне сенімді. Оның пайымдауынша, инновациялар тек қаржы емес, қоғамдық институттарды қайта қарауға және адамдар арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі.

«Мен технологиялардың әлемді қалай тез өзгерте алатынын көріп отырмын. Бұл — процестерді тиімдірек, ашық және адал ету. Бірнеше кезеңнен бірден аттап өтіп, қоғамдық институттарды жаңа деңгейге шығару. Қаржыда, коммерцияда және қоғамдық міндеттерде сенім ұялату», – деп атап өтті бизнесмен.

Қазақстанның басты байлығы – адамдар

Кәсіпкердің пікірінше, сәттіліктің басты кепілі – инновациялық мәдениет пен талантты мамандарға еркіндік берілетін орта. Ол Қазақстан халқының жаңашылдыққа құмарлығын ерекше атап өтті. Біріншіден, қазақстандықтар жаңа технологияларды қолданудан қорықпайды. Екіншіден, жаңа жол салуға дайын жастар. Үшіншіден, отандық стартаптар мен техногиганттар АҚШ пен Еуропа баламаларынан еш кем түспейді.

Тимур Турлов елдегі цифрландыру деңгейінің өсуіне мемлекеттік саясаттың да зор үлес қосып отырғанын айтты. Инновациялар мен жасанды интеллект мәселесі мемлекеттік деңгейдегі басты күн тәртібіне айналды. Мемлекеттік сектордағы күрделі салымдардың басым бөлігі цифрландыруға бағытталған және бұл өз жемісін беруде. Қазақстанның технологиялық күн тәртібі халықаралық сапарлар мен форумдардың ажырамас бөлігі.

Болашаққа болжам

Турловтың пайымдауынша, Қазақстанның өз тарихында алғаш рет дамыған елдердің қатарына қосылуға нақты мүмкіндігі бар.

«Біздің елімізде өз өнімдерін бүкіл әлемге экспорттайтын жаңа триллиондық технокомпаниялар пайда болатынына сенемін. Бізде ол үшін барлық жағдай жасалған: талантты адамдар, технологиялық орта және дамуға деген ұмтылыс!» – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Тимур Турлов Қазақстандағы цифрландыру үдерісіне қатысты өз пайымын білдіріп, цифрландыру саласында монополия жоқ екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз