76 жастағы қазақ саяхатшысы Еуропаны жаяу аралап шықты

Қазақстандық саяхатшы Сарсенбай Қотырашев жаяу саяхатын аяқтап, Парижге табан тіреді. 24 сәуір күні оны Салтанат қақпасының алдында Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің өкілдері мен қазақ диаспорасы салтанатты түрде қарсы алды, деп жазады Қазақпарат.
76 жастағы қария 3 наурызда жолға шығып, екі айдың ішінде Сербия, Венгрия, Австрия және Германия елдерін басып өтіп, 3000 шақырымды жүріп өтті.
«Мен әлемге қазақ халқының қайсар, рухы биік халық екенін көрсеткім келеді. Біздің ата-бабаларымыз металды игерген, ғылыммен айналысқан, жылқыны қолға үйреткен. Мен осыны өз жолыммен дәлелдеуді мақсат еттім», – дейді Сәрсенбай Қотырашев.
Бұған дейін желіде UlytauMan лақап атымен танымал саяхатшы Қазақстанды, Кавказ арқылы Түркияны, сондай-ақ Алтай мен Моңғолия арқылы Қытайды жаяу аралап шыққан. Қазіргі уақытта оның жүріп өткен жалпы жолы 18 мың шақырымға жетті. Ендігі мақсаты – 40 мың шақырымнан астам қашықтықты бағындырып, 75 жастан асқан саяхатшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына ену.
Елге оралған соң ақсақал ұсталық кәсібіне қайта оралып, 2027 жылға жоспарланған АҚШ-ты Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейін жаяу кесіп өту сапарына дайындықты бастамақ.