Lifestyle

Димаш Құдайберген жас әншіге продюсер болмақ

Димаш Құдайберген жас әншіге продюсер болмақ / фото: скрин

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген өзінің шығармашылық жолындағы жаңа белесті бағындырып, алғаш рет продюсер ретінде бой көрсетті. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Димаштың алғашқы шәкірті әрі продюсерлік жобасы – Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының жеңімпазы Нұржас Садырбаев.

Димаштың айтуынша, Нұржасты өз қарамағына алып, оның кәсіби дамуына тікелей атсалыспақ. 15 жылға жуық халықаралық сахналарда жинаған тәжірибесін енді жас таланттарды тәрбиелеуге жұмсамақшы.

«Енді сол тәжірибеммен бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді!» – деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұржас Садырбаев Димаш продюсерлік еткен халықаралық «Voice Beyond Horizon» (Көкжиектен асқан үн) музыкалық жобасында жеңіске жеткен еді.