Қазақстанда қарт адамдардың қатары артып келеді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі

Елімізде қарт кісілердің саны балаларға қарағанда көбейіп келеді
Елімізде қарт кісілердің саны балаларға қарағанда көбейіп келеді/фото: kursiv.media

Қазақстанда қариялар саны артып, балалардың саны, керісінше, азайып барады. Energyprom.kz сарапшылары 2025 жылы елдегі әр 100 балаға шамамен 33 қариядан келетінін айтты. Ал 2021 жылы 100 балаға шамамен 27 қариядан келген, яғни, көрсеткіштің әлдеқайда төмен болғанын байқаймыз.

Қала мен ауылдағы жағдай қандай?

Әсіресе қала тұрғындары жылдам «қартайып» барады. Егер 2021 жылы қалаларда әр 100 балаға 29-ға жуық қарт адамнан келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 35-ке жетті. Ауылда жағдай сәл жеңілдеу, бірақ онда да өсім бар: қарттар саны 24-тен 30-ға дейін көбейген.

Аймақтардағы жағдай тіпті алаңдатарлық. Кейбір облыстардың халқы қартайып кеткен. Ең жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді.

Өңірлерде жақын арада қарт кісілердің саны балалармен теңесіп қалуы мүмкін. Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында да халықтың жасы айтарлықтай өсіп кеткен.

Ал еліміздің оңтүстік өңірлері мен батыс аймақтарында жастардың саны айтарлықтай көп. Бірақ бұл жерлерде де қарттар үлесі біртіндеп артып келеді.

Бұған бала туу көрсеткішінің төмендеуі және 65 жастан асқан адамдардың көбеюі себеп болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз