Казино мен букмекерлік кеңселерге қойылатын талап күшейді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Казино мен букмекерлік кеңселерге қойылатын талап күшейеді/ фото: shutterstock

Қазақстанда ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жұмыс ережелеріне өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрыққа Туризм және спорт министрі 2026 жылғы 20 сәуірде қол қойды.

Ойын бизнесінің жұмысына қандай ережелер енгізіледі?

Енді ойын бизнесін ұйымдастырушылар жаңа заңға сәйкес, ойнауға ресми түрде тыйым салынған азаматтарға ойын ойнатып, бәс тіктірмеуі тиіс.

Бұл ереже казино мен ойын автоматтары залдарына, сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға да қолданылады. Қосымша ережелер 2026 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еліміздің кейбір аумақтарында жекелеген шектеулер енгізілді. Мәселен, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында, Панфилов ауданында, Жетісу облысының Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандарында орналасқан ойын мекемелеріне енді тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар ғана жіберіледі.

Сәйкес талаптар осы өңірлерде орналасқан букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары үшін де енгізілді.

Айта кетейік, 2025 жылғы 25 сәуірде ойын бизнесінің жарнамасын шектейтін заң қабылданған еді.

Сондай-ақ оқыңыз