Ақтөбеде домбыраны «харам» деп атаған тұрғын қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ер адам домбыраны харам деп атаған/фото: shutterstock

Ақтөбе облысында домбыраны «харам» деп атаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды.

Желіде ер адам «Құрметті қазақ елі, домбыраға қарсы сөйлеген болсам, кешіріп қойыңыздар. Алайда ханафи мазхабында ішекті аспаптар «харам» болып есептеледі» деген.

Облыс полициясының хабарлауынша, тұрғынға қатысты діни араздықты қоздыру фактісі бойынша іс қозғалған.

«Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды», – деп хабарлады полиция.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы домбыра тартуға қатысты пәтуә шығарған.

Сондай-ақ оқыңыз