Денсаулық сақтау министрлігі медбикелерді сертификаттау ережелерін өзгертпек

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында 2026 жылғы 18 мамырға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.
Жоба денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу, сертификаттың қолданылуын растау тәртібін, соның ішінде шетелдік мамандар үшін, сондай-ақ, Қазақстаннан тыс жерлерде медициналық білім алған адамдарды сертификаттауға жіберу шарттарын реттейтін Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына өзгерістер енгізуді қарастырады.
Құжаттың түсіндірмесінде атап өтілгендей, өзгерістер 2026 жылғы 9 қаңтардағы цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша қабылданған заңға сәйкес әзірленген.
Жобаға сәйкес, бұйрықтың бүкіл мәтіні бойынша «электрондық үкімет» және «ақпараттық жүйелер» деген сөздерді тиісінше «цифрлық үкімет» және «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстыру ұсынылады.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл түзетулер нормативтік құқықтық актіні қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталғанын түсіндірді.