
28 сәуірде Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 455 теңгеге дейін төмендеді. Ақша айырбастау мекемелері АҚШ валютасын 458 теңгеден сатып жатыр.
Қор биржасында күндізгі саудада сағат 11:00-дегі нәтиже бойынша 1 доллар 457,06 теңге болып тұр. Айта кетейік, бағам сауда барысында 455 теңгеге дейін түсіп кетті.
Бір күн бұрын KASE-дегі валюта саудасы 458,40 теңгемен жабылған. Енді, сейсенбі күні, доллардың тағы арзандап жатқанын көріп отырмыз.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласындағы валюта айырбастау пунктері 1 долларды 457 теңгеден қабылдап, 458 теңгеден сатып жатыр. Астанадағы бағам: 454 және 461 теңге.
Ұлттық валютаның күшеюіне әсер етіп жатқан басты факторлардың бірі – мұнай бағасы. Қазір әлем нарығында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 110 доллардан саудаланып жатыр. Шикізат бағасы шамамен 2 долларға қымбаттаған.
Бұған дейін қазақстандық қаржыгер теңгенің нығаюын Қазақстанның сыртқы қарызының күрт артуымен түсіндірген.
Өткен аптада Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаз уақыттында долларға сұраныс артатынын алдын ала ескерткен.