Елде тағы бір суперкомпьютер іске қосылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда деректерді өңдейтін орталық құрылысы жүргізіліп жатыр/көрнекі фото: gov.kz

Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, елде деректерді өңдейтін орталықтар салынып жатыр.

2025 жылы қазанда Алматыда өнімділігі 1,5 петафлопс болатын AI-Farabium суперкомпьютері іске қосылған. 2026 жылдың қарашасында Қосшыда Алматыдағы орталықтан үш есе қуатты суперкомпьютерді іске қосу жоспарланып отыр.

Мусиннің сөзінше, бұл бағытта «Қазақтелеком» АҚ еліміздегі деректерді өңдеу орталықтарының ең ірі желісін басқарады. Оған 1,7 мыңнан астам серверлік тірек, 25 МВт қуат, нарықтың 47%-ы кіреді.

Бұдан басқа «Қазақтелеком» Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын салу жөніндегі жобаның операторы болды.

Айта кетейік, 2025 жылы цифрлық даму министрлігі ресми түрде Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютерді іске қосты.

2026 жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды. Сапар барысында университет базасында орналасқан суперкомпьютер кластері көрсетілді. Оны құруға 23 миллион доллар инвестиция тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз