217 млн доллар: Майкл Джексон туралы фильм әлемдік прокатта рекорд орнатты

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Майкл джексон туралы түсірілген фильм кассалық рекорд орнатты
Майкл джексон туралы түсірілген фильм кассалық рекорд орнатты/ Фото: ашық дереккөзден

Поп-музыка каролі Майкл Джексон туралы түсірілген өмірбаяндық фильм әлемдік прокатта 217,4 млн доллар жинап, рекорд нәтиже көрсетті. Lionsgate студиясының мәліметінше, бұл соманың 97 млн доллары – АҚШ пен Канада үлесіне тиесілі.

«Майкл» фильмі 2026 жылдың ең кассалық фильмі «Супер Марио: Галактика» мультфильмінің рекордын жаңартып, АҚШ кинотеатрларында ең үздік нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар фильм әлемдік әншілер туралы түсірілген өмірбаяндық фильмдер арасында жаңа рекорд орнатып, бұған дейін жанр көшбасшылары саналып келген «Straight Outta Compton» және «Bohemian Rhapsody» жобаларынан басып озды.

АР ақпараттық порталының жазуынша, халықаралық прокатқа Universal Pictures компаниясы жауапты болды. Lionsgate студиясы үшін бұл өте тәуекелді жоба саналды. Себебі Джексонның есімі төңірегінде зорлық-зомбылыққа қатысты даулы айыптау әлі күнге дейін қызу талқыланып келген. Дегенмен, 2005 жылы сот оны толық ақтады.

Фильм әртістің отбасы мүшелері арасында да түрлі реакция тудырды. Майкл Джексонның қарындасы Джанет Джексон түсірілімге қатысудан бас тартса, әншінің қызы Пэрис Джексон картина туралы сыни пікір білдірді.

Айта кетейік, фильм әлемдік прокатқа 22 сәуірде шыққан еті. Басты рөлді әншінің туған жиені Джаафар Джексон сомдады.

Бұған дейін «Аватар: От пен күл» фильмі прокаттағы алғашқы аптасында 962 млн жинаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз