Lifestyle

Алматыда Асанәлі Әшімов туралы «Тағдыр тақтасы» драмасы қойылады

фото: Әшімов театры

Қазақ өнерінің абызы, Қазақстанның Еңбек Ері және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтің туған күні қарсаңында өнерсүйер қауым үшін айтулы рухани кеш ұйымдастырылмақ. Алдағы 10 мамыр күні сағат 18:00-де Алматыдағы Қ. Қожамьяров атындағы мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында ұлы тұлғаның ғұмырнамасына негізделген «Тағдыр тақтасы» атты драмасы қойылады.

Жас шағынан кино мен театр әлемінде шоқтығы биік рөлдерді сомдаған актердің өмірі мен тағдыры әрқашан көпшіліктің назарында болды. Алайда қойылымның басты ерекшелігі сол, мұнда көрермен үйренген сахналық бейне емес, актердің өмірдегі шынайы адами болмысы мен тағдыры ашылады. Марқұм Асанәлі Әшімовтің басынан өткірген қуанышы мен қайғысы, көңіл түкпіріндегі шаттығы мен назасы сахна тілінде баяндалып, тұлғаның ішкі жан дүниесін тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.

Өнер иесінің мерейтойына арналған кешке билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілген еді.