Қостанайда анасын қорғамақ болған 15 жастағы бала қаза тапты
Жарияланды

Қостанай облысы Жітіқара қаласында отбасындағы ұрыс 15 жастағы жасөспірімның қазасына алып келді. Ол анасын қорғамақ болған.
Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 25 сәуірде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі барысында 37 жастағы әйел пышақталған. Ал анасын қорғамақ болған 15 жастағы жасөспірім де пышақталып, ауыр жарақаттан сол жерде жан тапсырды.
Кісі өлтіру және кісі өлтіруге талпыну таптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне түсіп, оны бірден ұстады. Ол жәбірленуші әйелдің күйеуі болып шықты.
Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Тергеу жүріп жатыр.
24 сәуірде Атырауда автобус 9 жастағы мектеп оқушысын қағып кеткен.