Шымкент орталығында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Шымкентте полицейлер қаланың орталық көшелерінің бірінде қауіпті дрифт жасау әрекетінің жолын кесті. Жүргізуші қозғалыс әрдайым тығыз болатын көліктер мен жаяу жүргіншілер ағынында қауіпті «шоу» ұйымдастырған.
Polisia.kz хабарлағандай, автокөліктің шұғыл маневрлері мен әдейі сырғанауы қозғалыстың басқа қатысушыларына нақты қауіп төндірді. Мұндай жағдайдағы қателік ауыр жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін еді.
«Полиция қызметкерлері автокөлікті жедел анықтап, құқық бұзушыны ұстады. Сот шешімімен ол қамауға алынды, ал көлігі айып тұрағына жөнелтілді», — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.
Ведомство өкілдері жалпы пайдаланымдағы жолдарда мұндай қауіпті маневрлер жасауға жол берілмейтінін және оларға қатаң тосқауыл қойылатынын ескертті.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкент сотында мемлекеттік қызметкерден 10 млн теңге бопсалады делінген журналист қатысты үкім шыққан еді.