Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жұмысын бастады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Шымкент МӨЗ дизель отыны
Фото: Шымкент МӨЗ; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы Reuters жазады.

Шымкенттегі зауыт 27 наурызда басталған ЭЛОУ-АТ қондырғысын жоспарлы жөндеуді аяқтап, мұнай өнімдерін шығаруға кіріседі.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарының белсенді кезеңі ресми түрде аяқталды. Қазіргі уақытта кәсіпорын технологиялық қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосып жатыр»,- дейді Reuters агенттігі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Агенттік дереккөзінің мәліметінше, 19-26 сәуір аралығында шикізатты өңдеу көлемі 53 мың тоннаны құрады. Іс жүзінде зауыт отын жөнелтуді 24 сәуірде бастаған. Ал Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмысы маусым айына жоспарланған.

Айта кетейік, биыл ақпанда Қазақстан мен Қытай Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндіріс қуатын 12 млн тоннаға дейін кеңейту жобасын әзірлеуге кіріскен. Одан бөлек жылдық қуаты 10 млн тонна өнім шығаратын жаңа зауыт салмақшы.

Сондай-ақ оқыңыз