Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

Өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Нұрхан Әділхан Талғар қаласының жаңа әкімі болып сайланды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Нұрхан Әділхан 1981 жылы 23 желтоқсанда Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану», сондай-ақ «қаржы және экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары Жамбыл облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес органдарында жұмыс істеді, Талғар аудандық әділет басқармасын басқарды, Алматы облысының әділет департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды, сонымен қатар мемлекеттік және жеке секторларда еңбек етті.
Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі 2024 жылдың желтоқсанынан бастап лауазымды атқарған Арыстанбек Әбілқайырұлы болған еді. Ол әлеуметтік желілердегі белсенді жұмысымен және тұрғындармен ашық байланысының арқасында танымал болды. Осы жылдың ақпан айында ол денсаулығына байланысты қызметінен кетті.