Astana Motors GWM брендінің Польшадағы дистрибуция құқығын алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: аutochinakz
Фото: аutochinakz

Қазақстандық Astana Motors компаниясы Great Wall Motor (GWM) брендінің Польшадағы дистрибуция құқығын алды.

Autochinakz ақпаратына қарағанда, бұл туралы Бейжіңдегі автосалонда компанияның негізін қалаушы Нұрлан Смагұлов мәлімдеген.

«GWM автокөліктері Astana Motors портфеліндегі Қытай автопромының алғашқы өкілдері болды. Сенімділігі, қауіпсіздігі мен заманауи технологияларының арқасында кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерді ұнататындар арасында танымал. Енді GWM-мен бірге біз Польша нарығына шығамыз. Бұл – Орталық Еуропадағы ең ірі экономика. Бұл біз үшін маңызды әрі жауапты қадам», – деді Нұрлан Смагұлов.

Great Wall Motor Еуропалық одақта белсенді түрде кеңейіп келеді. Ал Польша негізгі кіру нүктелерінің біріне айналып жатыр.  Бұл қадам қазақстандық автобизнес үшін де маңызды. Қытай бренді мен жергілікті тәжірибені біріктіре отырып, Еуропа нарығына шығу мүмкіндігі ашылады.

Айта кетейік, бұған дейін Astana Motors компаниясы Chery көліктерімен Чехия мен Словакия нарықтарында жұмысын бастаған болатын.

Айта кететін жайт, Смағұлов пен Рахымбаев дүниежүзілік Forbes тізіміне еніп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз