BAE Systems-тің үлесін әлем инвесторлары бір сағатта сатып алды – Жанлыел

Британ инвесторы BAE Systems Air Astana акцияларын сатылымға шығарғанда, оны әлемдік инвесторлар бір сағатқа жеткізбей сатып алған. Бұл туралы әуе компаниясының басшысы Ибрахим Жанлыел журналистермен кездесуі барысында айтты.
«Бұл – халықаралық инвесторлардың Air Astana-ның әлеуетіне бек сенетінінің айқын дәлелі. Олар құрғақ цифрлардың арғы жағындағы шынайы құндылықты көре білетін және компания акцияларының алдағы уақытта еселеп өсетінін болжай алатын кәсіби мамандар», — деп атап өтті ол.
Жанлыелдің айтуынша, британдық инвестор 2024 жылғы IPO-дан әуе компаниясы акционерлерін қатарынан шығатынын ашық айтып келген.
Компания басшылығы акцияларды қандай компаниялар сатып алғанын нақты айтпағанымен, жаңа инвесторлар қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Еуропа және Азия елдерінің өкілдері бар екенін жеткізді.
Сонымен қатар қазір Air Astana акцияларының 59%-ы еркін айналымда жүр. Бұл көрсеткіш компанияның нарықтағы өтімділігін арттырып, инвесторлар үшін тартымдылығын нығайта түсетініне сенімді.
2024 жылы өткен IPO аясында BAE Systems үлесін 16,95%-ға дейін қысқартқан. Ал 2025 жылдың желтоқсанында тағы 10,1% акциясын сатқан. Мәміле аясында компания 5,8 доллардан 9 млн қолхат сатты.
Биыл наурыз айында өз акцияларын толық сатып, акционерлер құрамынан шықты.