Boeing пен Airbus: жаңа ұшақ сатып алуға 10 млрд доллар қажет

Air Astana әуе компаниясына ұшақ қатарын арттырып, техникалық әлеуетін нығайту үшін 10 млрд доллар керек. Компанияның жаңа бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыелдің айтуынша, қазір бірқатар маңызды жобалар қолға алынған.
«Нарықтағы қазіргі баға деңгейін ескерсек, жаңа ұшақ сатып алуға бағытталған инвестиция көлемі 10 миллиард долларды құрайды. Әуе флотын толықтыру бағытында келіссөз жүргізіп жатырмыз», — деп атап өтті Ибрахим Жанлыел.
2026 жылы компания заманауи Boeing 787 Dreamliner үлгісіндегі алғашқы екі лайнерді қабылдап алса, ал 2027 жылы олардың қатары тағы бір ұшақпен толығуға тиіс.
Даму стратегиясына сәйкес, 2030 жылға қарай әуе кемелерінің саны 86-ға дейін ұлғаймақ. Алдағы бес жылда 41 дана Airbus A321 ұшағын сатып алу жоспарланған. Бұл ретте, компания ұшақ түрлерін біріздендіру жұмыстарын аяқтаған.
Мұндай қадам техникалық қызмет көрсету үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Ибрахим Жанлыел BAE Systems-тің үлесін әлем инвесторлары бір сағатта сатып алғанын айтқан.