Дрондар қазақ-орыс шекарасындағы Орск қаласында ірі мұнай зауытын атқылады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Дрондар шабуылы мұнай зауыты
Ресейдің ірі өндіріс нысандары дрондар шабуылына жиі ұшырайды / фото: shutterstock

29 сәуір күін таңертең Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласындағы ірі мұнай өңдеу зауытына дрондар шабуылдады. Қала қазақ-орыс шекарасына жақын маңда орналасқан.

Қазақстан аумағынан бар болғаны 20 шақырым жерде орналасқан Орск қаласындағы ірі мұнай өңдеу зауытына қашықтан басқарылатын әскери аппараттар шабуылдады. Стратегиялық маңызды нысан жылына шамамен 6,6 млн тонна мұнай өңдейді.

Сәрсенбі күні Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцев бүкіл өңірде әуе қозғалысын шектеді. Ол тұрғындарға сақ болуға кеңес беріп, зымыранға қарсы жүйе жұмыс істеп тұрғанын ескертті.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан қала аспанына қою қара түтін көтеріліп жатқанын көруге болады.

Мұнай өңдеу зауытының жұмысы істен шықса, Ресейде, әсіресе, Қазақстанмен шекаралас өңірлерде бензин тапшылығы туындауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы қазан және қараша айларында да Орскідегі өндіріс нысаны дрондар шабуылына ұшыраған.

Сондай-ақ оқыңыз