Көрші елдерде базалық мөлшерлеме мен инфляцияның соңғы деректері

2026 жылдың сәуір айындағы Орталық Азия елдері мен Ресей Орталық банктерінің шешімдері монетарлық саясаттың әртүрлі бағытта дамып жатқанын айқындады.
Қазақстан базалық мөлшерлемені 18,00% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Наурыз айындағы инфляцияның 11,0%-ға дейін баяулауына қарамастан, Ұлттық банк инфляциялық күтулердің жоғары болуына байланысты қатаң ақша-несие саясатын жалғастыруды жөн көрді.
Керісінше, Ресей Орталық банкі мөлшерлемені сегізінші рет қатарынан төмендетіп, 14,50%-ға жеткізді. Ресейдегі инфляцияның 5,86%-ға дейін төмендеуі реттеушіге экономиканы ынталандыру үшін көбірек мүмкіндік беріп отыр.
Өзбекстан мен Қырғызстан да сақтық танытып, мөлшерлемелерін сәйкесінше 14,00% және 12,00% деңгейінде сақтап қалды. Өзбекстанда инфляция 7,1% деңгейінде қалыпты болса, Қырғызстанда 11,3% көрсеткіші монетарлық жеңілдетуге әлі ерте екенін нұсқайды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда инфляция бәсеңдеп жатқанымен, әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Сондықтан базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім бағаның алдағы динамикасы мен экономикалық жағдайларға байланысты болады.