ҚМА шотына қылмыстық жолмен табылған 3,2 млн доллар түсті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұған дейін алаяқтар пайдаланған «RAKS exchange» сервисінің 5,2 млрд теңгесі бұғатталды/фото: ҚР ҚМА

Қаржы мониторингі агенттігі шотына қылмыстық жолмен алынған 3,2 млн доллар аударылды.

Агенттіктің хабарлауынша, криптотергеу нәтижесінде 9,7 млн доллардан асатын цифрлық актив бұғатталған. Оның бір бөлігі қылмыстық жолмен табылғаны дәлелденген.

Айта кетейік, бұған дейін ТМД-да цифрлық активтер арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және қылмыстық кірістерді жылыстатумен айналысқан «RAKS Exchange» жойылғаны туралы хабарланды.

Сол арқылы Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова аумағында әрекет еткен 200-ден астам есірткі интернет-дүкендерінің транзакциялары өткен. Платформаның жалпы айналымы 224 млн доллардан асқан.

Одан кейін «RAKS exchange» сервисінің жұмысы толығымен тоқтатылып, әлеуметтік желідегі аккаунттары толық жойылып, клиенттерге қызмет көрсетілмейтін болған. 

Сондай-ақ оқыңыз