Сот Оңтүстік Кореяның экс-президентіне қатысты жазаны күшейтті

Сәрсенбі күні апелляциялық сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді тұтқындауға кедергі жасады деген айыппен оған берілген түрме жазасын бес жылдан жеті жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.
2026 жылдың қаңтарында бірінші сатыдағы сот экс-президентті 2024 жылдың желтоқсанында Юнның қысқа мерзімге әскери жағдай енгізуіне байланысты айыптар бойынша бес жылға бас бостандығынан айырған болатын. Прокуратура оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.
Осылайша, Сеулдің апелляциялық соты бұрынғы президентті өткен жылы тергеушілердің оны ұстауына кедергі келтіргені үшін кінәлі деп танып, неғұрлым қатаң жаза кесті.
Еске сала кетейік, Юн Сок Ёль 2025 жылдың шілдесінен бері қамауда отыр, ол кезде 2024 жылғы желтоқсандағы сәтсіз әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысты айыптар бойынша екінші рет қамауға алынған болатын. Экс-президент сегіз іс бойынша айыпталуда.
Негізгі іс бойынша ақпан айында сот оны әскери жағдай жариялау арқылы бүлік ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім кесті.
Бұған дейін оның жары, Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хи төрт жылға сотталған еді.