Үндістандық банкке әпкесінің өлгенін дәлелдеу үшін көрін қазып, сүйегін әкелді

Үндістанда ауыл тұрғыны банкке әпкесінің өлгенін дәлелдеу үшін көрін қазып, сүйегін әкеліп көрсеткен.
India Today ақпаратына қарағанда, Дианали ауылынан шыққан 50 жастағы Джиту Мунда есімді ер адам 2026 жылғы 26 қаңтарда қайтыс болған әпкесі Калра Мунданың есепшотынан 20 000 рупий ( 100 мың теңге шамасында) алмақ болады.
Джиту Мунданың айтуынша, ол банкке бірнеше рет барып, марқұмның мұрагері ретінде шотындағы ақшаны алғысы келгенін айтқан. Алайда, банк қызметкерлері жүре тыңдап, шот иесі «өзі келсін» деп жауап қайтарған. Ол әпкесінің қайтыс болғанын айтып түсіндіре алмаған.
«Өзін ертіп кел» деген соң, амалсыз өлгенін дәлелдеу үшін әпкесінің өлі денесін банкке алып келген.
Бұл оқиға бүкіл Үндістанның жағасын ұстатты. Indian Overseas Bank банк қызметкерлері ақшаны беру үшін «марқұмның өзі келуін талап етті» деген айыптауды жоққа шығарып, түсініктеме берді. Банк ауыл тұрғынан өлім туралы куәлік пен мұрагерлік құқығын растайтын құжат талап еткенін жеткізіп ақталды.
Кейінірек ер адам қажетті құжаттарды тапсырған. Банк заңды мұрагерге ақшаны төлеген. Ал сүйек қалдықтары полиция араласқаннан кейін қайта жерленген.
Мұның алдында Өзбекстанда банк қызметкері клиентін өлтіріп, мәйітін каналға тастаған болатын.