Парламент Құрылтай мен Президент туралы Конституциялық заң жобаларын қарайды

Мәжіліс «ҚР Президенті туралы» және «ҚР Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобаларын қарауға қабылдады. Бұл жобалар Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында қаралатын болады.
«Заң жобасын биылғы 15 наурызда Республикалық референдумда қабылданған еліміздің жаңа Ата заң ережелерін іске асыру мақсатында Парламент депутаттары әзірледі. Құжат Құрылтайды ұйымдастыру және оның қызметін құқықтық реттеуге, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған», – деді Снежанна Имашева.
Бірінші заң жобасы бойынша комиссия құрамына Мәжілістен Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ кірді.
Екінші заң жобасын төменгі палатадан Қайрат Балабиев, Ермұрат Бәпи, Марат Башимов және Сергей Пономарев қарайтын болады.