Аптап ыстық пен үсік: мамырда ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстандағы мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Ақпаратқа сүйенсек, елдің басым бөлігінде күн жылы, кей кездерде жазғыдай ыстық болса, солтүстік пен солтүстік-шығыс үсік жүреді.
Мамырдың басында еліміздің барлық аймағында ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты нөсер болады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін. Айдың бірінші онкүндігінің басында (1-10 мамыр аралығында) батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда үсік жүруі ықтимал.
Алғашқы 10 күнде синоптиктер ауа температурасының мынадай ауытқуларын болжайды:
- батыста түнде – +2…+10 градус, күндіз – +12…+32 градус;
- солтүстікте және солтүстік-шығыста түнде – +3…+8 градус, күндіз – +13…+31 градус;
- орталықта, шығыста түнде – +3…+15 градус, күндіз – +20…+33 градус;
- оңтүстікте түнде – +8…+20 градус, күндіз – +18…+33 градус.
Мамырдың екінші және үшінші он күндігінде еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде ең ыстық күндері ауа температурасы күндіз +33…+41 градусқа дейін, ал Қазақстанның оңтүстігінде +44 градусқа дейін көтеріледі. Салқын күндері термометр бағандары түнде +3…+10 градусты, күндіз +18…+25 градусты көрсетеді.
Солтүстікте және шығыста ауа температурасының ауытқуы түнде – +2…+9 градус, жекелеген аудандарда топырақ бетінде – +1…+18 градус, күндіз +16…+33 градус болады деп болжануда.