«Достық» құбырынан айырылған Германия мұнай жеткізетін басқа маршруттарды іздейді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Достық мұнай құбыры
фото: ІTAR-TASS/A. Saverkin

Германияның Шведт қаласындағы PCK мұнай өңдеу зауыты шикізат жеткізетін басқа да баламалы көздер іздеп жатыр. Зауыт «Достық» мұнай құбыры арқылы Қазақстаннан мұнай тасымалдайтын, бірақ ол маршрут қазір тоқтап тұр.

«Ресейдің жақын арадағы мәлімдемесінен кейін компанияның ендігі жұмысы қалай болатынын білмейміз. Әсіресе, жаңа халықаралық қақтығыстар мен энергетикалық нарықтағы тұрақсыздықты ескеретін болсақ, бұл өте күрделі мәселе», – деді Бранденбург премьер-министрі Дитмар Войдке.

Германия экономика министрі Польшадан қосымша мұнай тасымалдайтынын хабарлады. Транзит Гданьск қаласы арқылы жүрмек. Осы арқылы ел үкіметі Қазақстаннан келетін мұнайды алмастыруға болатынына сенімді.

Өткен аптада Кремль қазақ мұнайын «Достық» құбыры арқылы Германияға тасымалдауды бірінші мамырдан бастап тоқтататынын хабарлаған. Оны техникалық мәселе себеп деп түсіндірді. Мұны еліміздің энергетика министрлігі де растады.

Кейінірек ведомство «Достық» арқылы бару керек мұнай басқа маршрут арқылы тасымалданатынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз