Ойқы-шойқы жолдар енді дрон көмегімен анықталады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ойқы-шойқы жолдар енді дрон көмегімен анықталады/фото: көлік министрлігі

Елде жол сапасын бақылауға дрондар қолданылады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, ұшқышсыз аппарат Ақмол – Воздвиженка – Талапкер облыстық маңызы бар автомобиль жолында сынақтан өтті.

Оператор дронның қай жерге ұшатынын белгілеп қояды. Әрі қарай дрон маршрутты өзі құрастырады. Құрылғы тегіс емес жерлерді, бүлінген аймақты автоматты түрде анықтайды.

«Деректерді жинау барынша автоматтандырылған. Жүйе O4 Enterprise Enhanced деректерді беру технологиясымен жабдықталған. Бұл жасанды интеллект элементтерімен тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз етеді», – деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ дрондар қатты желге де бейімделген, ауа райы бұзылған кезде де жұмыс істей алады.

Айта кетейік, 2025 жыл қорытындысы бойынша ақылы учаскелерден түскен табыс шамамен 86 млрд теңгені құрады. Ал 2024 жылғы көрсеткіш 48 млрд теңге болған

Сондай-ақ оқыңыз