Шенеуніктердің есірткі тұтынған-тұтынбағаны жыл сайын тексерілуі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
госслужащие
Шенеуніктердің есірткі тұтынғаны жыл сайын тексерілуі мүмкін / shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Министрлер жыл сайын наркоскринингтен өтуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Сенат кулуарында айтты.

Сөзінше, басшылық қызметте отырған мемлекеттік қызметшілер жыл сайын есірткі тұтынған-тұтынбағанын анықтауға арналаған тексеруден өтуге міндетті болады.

«Ал мемлекеттік құпиямен жұмыс істейтін немесе басқа да санаттағы лауазым иелері басшысының шешімімен наркоскринингтен өтетіндер қатарына енгізілуі мүмкін.

Наркоскринингтің басты ерекшелігі – тексерістің ойламаған жерден жүргізілуі. Яғни, алдын ала жоспарланып, мемлекеттік орган белгілі бір күнді бекітіп, қызметкер сол күнге дайындалып отырмайды», – дейді Мүксімов.

Осылайша басшы шешім қабылдағаннан кейін мемлекеттік қызметкер 48 сағат ішінде тексеруден өтеді.

Мемлекеттік қызметкер есірткі тұтынғаны анықталса, жұмыстан шығаруға дейінгі шара қолданылуы ықтимал. Сондай-ақ тексерістен өтуден бас тартқан тұлғаны мемлекеттік қызметтен шығару да қарастырылған.

Салауат Мүксімов «басшы» лауазымына министрлер, басқарма, бөлім басшылары, меңгерушілер және өзге де қызметкерлерге жетекшілік ететін мамандар кіретінін айтты.

Бұған дейін мемлекеттік қызметтегі мүгедектігі бар азаматтарға 36 сағат еңбегі үшін 40 сағаттың жалақысы төленетіні айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз