Жаңалықтар

Тоқаев Швеция Королін құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, жедел хат жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король XVI Карл Густавтың парасатты басшылығымен Швеция Еуропада және әлемдік аренада маңызды рөл атқаратын мемлекет мәртебесін сақтап келе жатқанын атап өтті», – делінген Ақорданың ақпаратында.

Президент қос халық арасындағы достық байланыс мен өзара түсіністікті жоғары бағалайтынын жеткізген. Сондай-ақ Швециямен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірген.

Тоқаев Король XVI Карл Густавтың ел игілігі жолындағы еңбегіне толайым табыс, ал достас Швеция халқына бақ-береке тіледі.

Мұның алдында Қазақстан президенті Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған еді.