
Продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жанкүйерлер көптен күткен жаңалықты жариялады. KeshYOU тобының мерекелік концертінде ұжымның ең танымал, «алтын құрамы» сахнаға шығатын болды.
Дайындық жұмыстары басталып кетті
Продюсер бөліскен ақпаратқа сәйкес, Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаева қазірдің өзінде қызу дайындыққа кіріскен.
Жанар Дұғалова репетицияға жолға шықты» – деп жазды Баян.

Осылайша, жанкүйерлердің ықыласына бөленген Жанар Дұғалова, Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаеваның триосы қайта бас қоспақ.
Айта кетейік, бұған дейін КешYou тобының экс-әншісі тағы бір жұлдыз Мөлдір Әуелбекова мерекелік концертке қатысудан бас тартқан еді. Артынша Мөлдірдің мәлімдемесіне Баян Алагөзова да жауап берген еді.